2024 жылдың 17 қазаны күні «Үздік цифрлық білім беру мазмұны» тақырыбында аймақтық сырттай байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – білім беру үдерісін тиімді қолдауға ықпал ететін ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологиялар саласындағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру. Байқауға 3 бағыт бойынша 22 мұғалім қатысты.
Байқау қорытындысы төмендегідей:
I – орын
* Шәріпхан Бақытнұр – Қонысбай ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып пәні бағытының мұғалімі;
* Есжанова Арайлым Махметжанқызы – Жылымды ауылы орта мектебінің жаратылыстану бағытының мұғалімі;
* Майданова Наргиз Болатовна – Қонысбай ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі.
IІ – орын
* Дюсембина Әлия Есымғалиқызы – М.Ғабдуллин атындағы негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
* Төкен Кулиза – Садовое ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің жаратылыстану пәні мұғалімі;
* Қаржауова Алуа Ғаниқызы – Садовое ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің гуманитарлық бағыттағы мұғалімі;
IIІ – орын
* Хабди Дәмелі – Айдабол ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып пәні мұғалімі;
* Алибаева Кенжегүл Райханқызы – Исаковка ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің жаратылыстану бағыттағы мұғалімі;
* Болатова Сәния Сериевна – Еленовка ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің гуманитарлық бағыттағы мұғалімі;
Мұхамеджанова Гаухар Барамбайқызы - Айдабол ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің гуманитарлық бағыттағы мұғалімі.
Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы облыстық кезеңде жеңіске жетулеріне тілектеспіз!