2024 жылғы 26 қарашада М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының базасында білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Жалпы білім беретін мектептің информатика курсында білім беретін робототехника» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты робототехниканы оқыту есебінен педагогтардың білім деңгейін арттыру болды.
Семинар Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Д.С. Наргужинаның құттықтау сөзінен басталды, Семинар барысында мұғалімдер информатика сабақтарында робототехникамен жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісті.
«Білім беру робототехникасы STEAM - білім берудің құрамдас бөлігі ретінде» тақырыбында «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі Ж.С. Уалиева сөз сөйледі. Білім беру робототехникасы - пәнаралық оқыту бағыты, физика, технология, математика, кибернетика, мехатроника және АКТ бойынша білімді интеграциялау, ол барлық жастағы оқушыларды инновациялық, ғылыми-техникалық шығармашылық процесіне тартуға мүмкіндік береді.
Шеберлік сыныбын Н.Е.Айтанов өткізді, «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
информатика пәнінің мұғалімі робототехника бойынша жарыстарды дайындау және өткізу бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың негізгі бөлігі практикалық сабақта мұғалімдер роботтардың қарапайым үлгілерін дербес құрастырып, бағдарламалаған.
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі Б.Н. Әшімбек белгілі бір міндеттерді шеше алатын мобильді роботтарды жасауды қоса алғанда, өз жобаларын көрсетті, бұл сабақтарды анағұрлым көрнекі және интерактивті етуге мүмкіндік береді.
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі Хуан Ж.Б. семинар қатысушыларына LEGO Education WeDo 2.0, LEGO Mindstorms, Arduino сияқты қолданыстағы платформаларға шолу жасады.
Семинарға қатысушылар бұл шешімдерді түрлі жас топтары мен білім беру мақсаттарына қалай бейімдеуге болатынын білді.
Семинар соңында білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізуге ықпал ететін осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу туралы шешім қабылданды. Мұғалімдер жаңа технологияларды зерттеуді жалғастыруға және жинақталған материалдарды бір-бірімен бөлісуге ниет білдірді.