2025 жылдың 7 ақпаны күні «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында «Жаңа мектепке-Жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VII Республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың міндеттері: - таланатты жас педагогтерді анықтау; - педагог еңбегінің дәрежесін көтеру; - жас педагогтердің инновациялық идеяларды және түрлерді іздеу ісін жетілдіру; - жас педагогтерді дәстүрлі мәдени-білім ортасына тарту; - педагогикалық қауымға жас педагогтердің жетістіктерін тарату. Зеренді ауданы бойынша білім беру ұйымдарынан 12 жас педагог қатысты. I дәрежелі дипломмен және 100 000 теңге сертификатпен Мәлік Ғабдуллин ат. мектеп гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Сураганов Мадияр Ермекович марапатталды. II дәрежелі дипломмен және 70 000 теңге сертификатпен Қонысбай а.ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хуан Батырбек Болатханұлы марапатталды. III дәрежелі дипломмен және 30 000 теңге сертификатпен Зеренді а. № 1 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бегайдар Тахмина Батырбекқызы марапатталды. Басқа қатысушылар белсенді қатысқаны туралы сертификатпен және сыйлықтармен марапатталды. «Жаңа мектепке-Жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VII Республикалық байқауының облыстық кезеңіне ауданымыздың атынан қатысатын Мадияр Ермекович Сурагановқа сәттілік тілейміз!