2025 жылдың 21-наурыз күні Зеренді ауданында “Өнер мектебі” ашылды. Өнер мектебі 2 қабаттан тұрып, шығармашылық және музыка бағыттары бойынша білім береді. Жаңа ғимаратта Зеренді ауылындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы 8 кабинетте орналасып, онда 12 мұғалім өз жұмысын жүргізіп, 427 оқушы 13 үйірмеге қатыса алады. Балалар музыка мектебі 9 кабинеттен тұрады, онда домбыра, қобыз, фортепиано және вокал сыныптарының 11 мұғалімі 94 оқушыға дәріс береді.