Айдабол ауылының жалпы білім беретін мектебінің базасында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Іс-шараның тақырыбы: «Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту және олардың азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыру». Семинарға тәрбие ісі жөніндегі 45 директор орынбасары қатысты. Семинардың мақсаты – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында Айдабол ауылы мектебінің жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату, сондай-ақ жазғы кезеңге іс-шараларды жоспарлау барысында директор орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету. Айдабол ауылының жалпы білім беретін мектебінің директоры Райгүл Аяғанқызы Жүсіпова қатысушыларды қарсы алып, семинарды ашты, мектептің тарихы мен ұстаздары мен оқушыларының жетістіктерімен таныстырды. Пленарлық отырыс аясында аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрсұлу Жанкелдіқызы Аубакирова “Жаз – 2025” жазғы демалыс пен бос уақытты тиімді ұйымдастыру бағдарламасымен таныстырып, оқушылардың жазғы бос уақытын ұйымдастырудың негізгі бағыттарына назар аударды. Бағдарламаға сәйкес әріптестер тәрбие жұмысының негізгі аспектілері бойынша баяндама жасады: * Айдабол ауылының жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Озиева Әсет Ахметқызы «Балалар қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығында» тақырыбында сөз сөйледі; * Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Таран Татьяна Викторовна «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбын ашып көрсетті; * Гранитный кентінің негізгі орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Медиманова Үміт Ізбасарқызы «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында баяндама жасады; * Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кенжина Дәмегүл Мұхамедрахымқызы «Құқықбұзушылықтың алдын алудағы мектептің рөлі: оқушылар мен қоғамның өзара іс-қимылы» тақырыбында мектеп тәжірибесімен бөлісті. Семинардың екінші бөлігінде қатысушылар тренингтер мен шеберлік сағаттары өткізілген тақырыптық локацияларға барды: * Айдабол ауылының жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Мищерина Ольга Владимировна «Оқушыларда өзін-өзі басқару арқылы көшбасшылық қасиеттерді дамыту» тақырыбында практикалық сабақ өткізді; * Спорт залында қосымша білім беру педагогы, «Жас турист» үйірмесінің жетекшісі Радченко Максим Вячеславович «Командалық рухты қалыптастыру құралы ретінде дене белсенділігі» атты көрсетілім сабағын өткізді; * Айдабол ауылы мектебінің мектепішілік өзін-өзі басқару көшбасшысы Болатова Диана «Оқушы кеңесінің тәжірибесі: жетістіктер мен келешек» тақырыбында өз жұмысымен бөлісіп, тренинг жүргізді; * Айдабол ауылы мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы жанынан жұмыс істейтін «Пікірсайыс» үйірмесінің жетекшісі Мұхамеджанова Гаухар Барамбайқызы «Пікірсайыс өнері: дәлелдеу және сендіру жолдары» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.