«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 26 мамырда білім бөлімінің ресми сайтында жарияланған балаларға қосымша білім беру бойынша 97 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы туралы хабарландырудың күшін жойылғандығын және оның жарамсыз деп танылғандығын хабарлайды. Аталған шешімнің негізі – хабарландыру мазмұнының, атап айтқанда 67-тармақтың, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кадрларды даярлау, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім және балаларға қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі. Бұл қағидалар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда №29323 болып тіркелген). Осылайша, бұл жағдай бойынша Кәсіпкерлік кодексінің 4-бабының, 2-тармағының бұзылды.