"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

2025 жылғы 26 қыркүйекте Зеренді ауылының аудандық Мәдениет үйінде «Құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу – білім беру мен отбасының стратегиялық міндеті» тақырыбында Зеренді ауданының ата-аналарына арналған аудандық семинар өтті. Семинарға ауданнан 250-ден астам ата-ана қатысып, өскелең ұрпақтың қауіпсіз әрі салауатты болашағын қалыптастыруда отбасы мен мектептің рөлі туралы маңызды мәселелер талқыланды. Кездесу қонақтары: Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Даукенов Ермек Қуандықұлы, Зеренді ауданының прокуроры, әділеттің аға кеңесшісі Дастан Асқарұлы, Зеренді ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Садырбаев Ернар Серқазыұлы, Ақмола облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ психологиялық жұмыс бөлімінің психологы Хасенов Айбек Рашидұлы, Ақмола облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Әлжанова Айгүл Төлегенқызы. Семинар барысында Зеренді ауылы мектептерінің педагог-психологтары Исаканова А.З., Сулаймонова А.А., Тасанова А.О. және Лантух Л.А. «Жүрекпен тыңдау: бала өзін қауіпсіз сезінетін ата-ана болу» атты практикум өткізді. Спикерлер тәжірибелерімен бөлісті. Сандыбек Нұршәріпұлы әке тәрбиесінің маңызы, рухани құндылықтар, әрбір балаға шексіз сүйіспеншілік пен қолдаудың қажеттілігі жайлы ой қозғады. №2 Зеренді орта мектебінің директоры Смағұлова Бақытгүл Тимирхановна ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының тәжірибесін ұсынып, баланың тұлғалық дамуы үшін отбасы мен мектептің үйлесімді ынтымақтастығы қажет екенін атап өтті. Ал Канай би ауылы негізгі орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шешхан Алтынсекер балалардың рухани дамуына, адамгершілік тәрбиесіне және ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған «Даналық мектебі» клубтарының тәжірибесімен бөлісті. Спикерлер кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі, құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу тек отбасы, мектеп және қоғамның бірлескен іс-әрекеті нәтижесінде оң нәтиже беретінін атап өтті. Семинар жауапты әрі бақытты ұрпақ тәрбиелеу жолында диалог құруға, тәжірибе алмасуға және күш біріктіруге арналған маңызды алаң болды.

26.09.2025
Просмотров: 1062


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст