2025 жылдың 25 қыркүйегінде «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Машиналық шығармашылық немесе цифрлық виртуалды өнер» тақырыбында қосымша білім беру әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған облыстық оқыту семинары өтті. Семинарға Ақмола облысынан 56 қосымша білім беру педагогі қатысты. Семинарды «Ақмола дарын» орталығының басшысы Оразов Еркін Жаргульбаевич құттықтау сөзімен ашты. Спикерлер ретінде Зеренді, Бурабай, Жақсы аудандарының БЖШО және БММ қосымша білім беру педагогтері сөз сөйледі. Облыстық оқыту семинар педагогтерге келесі мүмкіндіктерді берді: - өз сабақтарында жасанды интеллектті интеграциялау үшін жаңа білім, дағдылар мен құралдарды еңгізу; - білім беру сапасын жақсарту: қосымша білім беруде жаңа технологияларды қолдану, оқушылардың материалды тереңірек және түсінікті игеру, олардың шығармашылық ойлау қабылеттерін ынталандыруға және қазіргі әлемде табысты бейімделу үшін қажетті жаңа дағдыларды дамытуға ықпал етуі мүмкін; - қызметтің әртүрлі салаларында қолданудың практикалық мысалдарын ұсыну; - жасанды интеллект негізіндегі инновациялық білім беру өнімдері мен қызметтерінің үлгілерін көрсету және көру; - қосымша білім беруде жасанды интеллектті қолданудың артықшылықтары мен ықтимал қиындықтарын талқылау; -қатысушыларға өз білімдерін мастер-класстар мен ашық сабақтар арқылы іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беру. Жалпы алғанда, семинардан алған негізгі әсерлер оң және ынталандыратын болды, өйткені қатысушылар өздерінің педагогикалық практикасын жетілдіру және білім беру үдерісін байыту үшін жаңа білім, дағдылар мен идеялар алды.