"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

2025 жылғы 15 қазан күні сағат 10:00-де Шағалалы орта мектебі базасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Іс-шараның мақсаты – 2025–2026 оқу жылындағы тәрбие жұмысының негізгі міндеттері мен басым бағыттарына ерекше назар аудару. Жұмыс барысында келесі өзекті мәселелер қарастырылды: - Бірыңғай тәрбие бағдарламасы «Адал азаматты» іске асыру; - тәрбие процесінің ерекшеліктері мен нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету; - жасөспірімдер арасындағы теріс қылықтардың алдын алу: вандализм, нашақорлықтың, психобелсенді заттарды қолданудың және құқық бұзушылықтардың алдын алу; -балалардың жазғы демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру қорытындылары; - мектептердегі тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру; - тәрбие ісі жөніндегі жаңадан тағайындалған директор орынбасарларына тәлімгерлік бекітілді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталып, әдістемелік ұсынымдар берілді.

20.10.2025
Просмотров: 61


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст