"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ үйірмелер мен секциялардың келесі түрлеріне балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру туралы хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 жылғы №381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны 15 217 (теңге), ерекше білім беруді қажет ететін бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны 15 800 (теңге). - ғылыми-техникалық (бастапқы техникалық модельдеу; авиамодельдеу; автомодельдеу; судомодельдеу; ракетомодельдеу; робототехника; космонавтика; 3Д-модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; картинг; модельдеу; ату спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелердің инженерлік жобалау негіздері; өнертапқыштық және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; құрастыру; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кинобейне жасау; желкенді іс; электротехника; химиялық-техникалық бағдарламалау; лего-құрастыру; спорттық радиомоделизм; авто ісі негіздері; сәулеттік модельдеу; сәулет құрылыстарының технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік моделизм; шағын көлемді су көлігін модельдеу; аэроғарыштық білім беру және модельдеу; ғарыштық ғылым; рендеринг – физикалық модель проекциясын құру; ұшу-парашюттік дайындық; квадроциклдер; қарда жүргіштер; ағаш ұстасы; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: құрастыру және бағдарламалау; ұлттық қолөнер; жас құтқарушы; STEAM-зертхана (СТЭМ-зертхана); ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған құрастыру; киберспорт ұшқышсыз ұшу аппараттары) - 76 орын - әлеуметтік-педагогикалық бағыт (журналистика, медиа орталықтар; пікірсайыс қозғалысы; еріктілер қозғалысы; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер; интеллектуалды ойындар клубы) - 35 орын; - жаралыстану - математика (математикалық курсы) – 32 орын; - көркемдік-эстетикалық бағыт (керамика, қыш бұйымдары ісі; модельдеу, мүсін, керамикалық мүсін; кесте тігу; тоқыма тоқу; тігу, макраме; оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар); кілем тоқу; зергерлік өнер; ағаштан көркем кескіндеме; металға көркемдік кескіндеме; керамикаға көркем кескіндеме; былғарыны көркем өңдеу; металды көркемдік өңдеу; пирография, ағаш күйдіру, былғары, мата; киімді көркемдік үлгілеу; томбурлы кестелеу; ағашты көркемдік өңдеу; арт-терапия; сән дизайны қыш өнері, модельдеу) - 32 орын; - гуманитарлық бағыт (тіл курстары) - 57 орын; - туризм және өлкетану бағыты (тау туризмі; су туризмі; жорық; жартасқа өрмелеу; бағдарлау; үңгір туризмі; велоспорт туризмі; шаңғы туризмі; сауықтыру туризмі; экологиялық туризм; өлкетану; туристік лагерьлер; этнографиялық, ауылдық туризм; ғылыми туризм; тур гидтер, географиялық өлкетану, тарихи өлкетану, экологиялық өлкетану, мұражайтану, ат туризмі, жас тау құтқарушы, жол іздеуші-құтқарушы, археология) - 14 орын; - экологиялық-биологиялық бағыт (экология; орнитология; балық аулау; гүл өсіру; флористика; зоология (флора, түр құрамы, рациондар); жануарларды зерттеу; энтомология; өсімдік шаруашылығы; бау-бақша шаруашылығы; мал шаруашылығы; аквапоника; көкөніс шаруашылығы; қоян шаруашылығы; иппотерапия; ветеринария медицина; геология; ландшафттану; қоршаған ортаны зерттеуші; өндірістік экология; STEM зертханасы (зерттеу биологиясы, химия); гидропоника; экожурналистика; фитопатология – 11 орын Конкурсқа қатысуға ниет білдірген ұйымдар 2025 жылдың 29 желтоқсаннан 2026 жылдың 6 қаңтар айларының аралығында білім бөлімінің кеңсесіне немесе roo_zer@mail.ru электрондық поштаға құжаттарды ұсынуы қажет: 1) білім бөлімі басшысының атына "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесіне енгізу туралы өтініш; 2) бұйрықта көрсетілген нысан бойынша өтініш 3) қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмай ЖК қоспағанда, ұйым жарғысының көшірмесі (Ереже, құрылтай шарты); 4) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі; 5) балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері. Мемлекеттік ұйымдардың бағдарламаларын білім бөлімі бекітеді, аптасына 4 сағаттық жүктеме; 6) тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтердің құжаттарының көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама, еңбек кітапшасының көшірмесі, педагог пен осы ұйым арасындағы еңбек шарты) 7) штат кестесінің көшірмесі, педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері; 8) ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) немесе жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат; 9) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы, бейнеұрағатты кемінде 30 тәулік сақтағанын растайтын құжат; 10) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған өрт кезінде эвакуациялау жоспарының сызбасы. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 13-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, ұйымдар тізбесін қалыптастыруға арналған конкурстық рәсімге, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығына сәйкес талаптарды қамтамасыз еткен ұйымдар ғана жіберіледі. Атап айтқанда, жедел басқару орталықтарына міндетті түрде қосылған цифрлық бейнебақылау камераларын орнату, нысанды дабыл түймесімен, турникетпен және физикалық күзетпен жабдықтау талап етіледі. Осылайша, оқу үдерісінің жағдайларын және педагогтар мен білім алушылардың еңбек жағдайларын оңтайландыру мақсатында, жеке жайды (үйді) жалға алу немесе сатып алу мүмкіндігін қарастыру қажеттілігі туындады. Бұл жоғарыда көрсетілген Нұсқаулықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған барлық талаптарды толық іске асыруға мүмкіндік береді. Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) не басшының қолымен куәландырылады.

29.12.2025
Просмотров: 1238


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст