Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті «Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына сәйкес Зеренді ауданының білім бөлімі білім алушыларды ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін қызмет көрсетушілер тізбесіне енгізу мақсатында өтініштер қабылдау туралы хабарлайды.