2026 жылғы 27–29 қаңтар аралығында Көкшетау қаласында Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің базасында «Robotek Grand Tournament» республикалық робототехника чемпионатының облыстық кезеңі өтті.емпионаттың негізгі мақсаттары мен міндеттері — роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, ғылыми-техникалық шығармашылық, бағдарламалау және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, сондай-ақ спорттық және білім беру робототехникасын кеңінен насихаттау. Чемпионатқа робототехникамен айналысатын 119 оқушы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әртүрлі жас санаттары бойынша 7 командалық жарыс түрі бойынша анықталды. Robotek Grand Tournament робототехника сайысының облыстық кезеңінде аудан мектептерінің командалары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.