"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Зеренді білім бөлімі жоспары бойынша «Заң мен тәртіп» жобасы кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу және құқықтық сана қалыптастыру мақсатында «Қасірет» атты театрландырылған қойылым Зеренді ауданының Мәдениет үйінде 7–11 сынып оқушыларына көрсетілді. Аталған қойылым жасөспірімдер мен жастарға үлкен тәрбиелік әсер қалдырды. Қойылым барысында есірткінің адам өмірі мен тағдырына тигізетін ауыр зардаптары көркем тілмен, әсерлі сахналық көріністер арқылы бейнеленді. Театрландырылған қойылымды Зеренді ауылы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының «Жас сахна» үйірмесінің жас актерлері дайындады. Қойылым жетекшісі – Жансая Еркешқызы. Іс-шараға арнайы қатысқан құрметті қонақтар: Зеренді ауданы прокуратурасының аға прокуроры Буркитов Шыңғысхан Ардақұлы, Зеренді ауданы Жастар орталығының басшысы Даняр Кайратович, Зеренді ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция полковнигі Чокпаров Бахтияр Турекулович. Қонақтар жастармен кездесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және заңға бағынудың маңыздылығы туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Бұл іс-шара өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырып, профилактикалық жұмысты күшейтуге зор үлес қосты.

10.02.2026
Просмотров: 1410


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

әдістемелік жұмыс

Ұйымдар тізімі
Текст