2026 жылғы 9-11 ақпан аралығында Көкшетау қаласы «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңге біздің ауданнан 5 оқушы қатысты. «Әнші бұлбұлдар» (ән айту) номинациясы бойынша I орын Ақадыр ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Тұрсынхан Арсен, жетекшісі: Ермаканова Аягөз Мейрамгалиевна. «Сөз шеберлері» (Көшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу) номинациясы бойынша II орын Сейфуллин ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Бегаева Ақниет, жетекшісі: Нурбекова Данагуль Тураловна. «Білгірлер бәйгесі» (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілер бойынша сайыс) номинациясы бойынша грамотамен Жолдыбай НОМ-нің 9 сынып оқушысы Қалымжан Бекзат, жетекшісі: Маженова Жамал Айдарбековна. «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу) номинациясы бойынша сертификаттармен Зеренді ауылының мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Жолдыбек Айдын, жетекшісі: Халелова Эльмира Майдановна. «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс) номинациясы бойынша Елікті ауылының ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Рамазан Дамира, жетекшісі: Байшураева Сана Энбековна. Облыстық кезеңнің нәтижесі бойынша 1 орынды иеленген Тұрсынхан Арсен республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз, биік белестерден көріне берсін!!!