Мектепке дейінгі ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында "Наурыз мейрамы" ертеңгіліктерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар бойынша түсіндіру жұмыстары Әдістемелік ұсынымдар бойынша түсіндіру жұмысы Зеренді ауданының білім беру қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің дайындық сыныптарының педагогикалық ұжымдары арасында «Наурыз мейрамы» мерекесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Жұмыстың мақсаты – әдістемелік ұсынымдардың сақталуын қамтамасыз ету, тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз және қуанышты мерекелік орта құру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасының барлық талаптарын ескере отырып іс-шараларды дұрыс ұйымдастыру. Педагогтарға сценарийлерді, безендіруді, музыкалық сүйемелдеуді дайындау ерекшеліктері және балалардың мереке кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді. Наурыз мейрамын білім беру ұйымдарының қабырғасында атап өту-балалардың туған мәдениетіне деген сүйіспеншілігін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін және шығармашылыққа деген қызығушылығын қалыптастыратын тәрбиелік іс-шара.