"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

2026 жылғы 10-12 мамыр аралығында Астана қаласында дарынды оқушылардың басын қосқан «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы жоғары деңгейде өтті. Бұл дәстүрлі білім додасы жыл сайын «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізіліп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, жас ұрпақтың рухани-мәдени дүниетанымын дамытуға зор үлес қосып келеді. Олимпиаданың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ізденімпаздық қасиеттерін шыңдау. Аталған республикалық олимпиадаға Ақадыр ауылының ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Тұрсынхан Арсен қатысып, «Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша өзінің ерекше өнері мен білімін танытып, жүлделі II дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі – Ермаканова Аягөз Мейрамгалиевна. Ұстазының білімі мен бағыт-бағдары, шәкіртінің талабы мен таланты үйлесім тауып, нәтижесінде үлкен жетістікке қол жеткізілді. Арсеннің алар асуы биік, болашағы жарқын болсын! Өнер мен білімді қатар алып жүрген шәкіртімізге толағай табыс, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! Жеңіс құтты болсын! Құттықтаймыз!

13.05.2026
Просмотров: 1964


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

әдістемелік жұмыс

Ұйымдар тізімі
Текст