Зеренді педагогтері мен қала басшылығы Ақмола облысы әкімінің қатысуымен өткен Тамыз кеңесіне онлайн форматта қатысты. Бүгін Ақмола облысының білім басқармасы «Жаңа халықтық конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында педагогтердің өңірлік тамыз кеңесін өткізді. Пленарлық отырысқа Ақмола облысының әкімі М. Ахметжанов қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен алдағы оқу жылына қойылған стратегиялық мақсаттарға тоқталды. Зеренді ауданынан аталған маңызды алқалы жиынға ZOOM бейнебайланыс жүйесі арқылы 150-ден астам педагог, мектеп директорлары мен білім беру саласының мамандары онлайн режимде қосылды. Кеңес барысында адами капиталды дамыту, білім сапасын арттыру, заманауи цифрлық технологияларды енгізу және жаңа конституциялық құндылықтарды білім беру процесіне ықпалдастыру мәселелері кеңінен сараланды.