**Зеренді ауданында бала қауіпсіздігі мәселелеріне арналған аудандық семинар өтті** 2026 жылғы 29 қазанда Зеренді ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде «Заманауи әлемдегі бала қауіпсіздігі: тәуекелдер мен шешу жолдары» тақырыбында аудандық семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жасөспірімдер арасындағы жағымсыз құбылыстардың алдын алу және отбасы мен тиісті мекемелердің өзара іс-қимылын нығайту. Семинарды Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы **Динара Шаймерденқызы Кенжеболатова** ашып, модераторлық етті. Зеренді ауданы әкімінің орынбасары **Дәукенов Ермек Қуандықұлы** кіріспе сөз сөйледі. Семинар барысында келесі баяндамалар ұсынылды: - **Мадияр Кенжебайұлы Абденқұл**, Зеренді ауданы прокуратурасының прокуроры – «Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау: отбасының рөлі және ата-аналардың жауапкершілігі»; - **Аубакиров Денис-Бек Темиртасович**, Зеренді ауданы полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының аға учаскелік инспекторы, полиция майоры – «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда отбасы мен құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы»; - **Исмагзамова Рысжан Амангельдиновна**, Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Отбасын қолдау орталығының маманы – «Отбасыларды әлеуметтік қолдау және балалардың қараусыз қалуының алдын алу»; - **Рамазанова Альбина Рифовна**, Зеренді орталық аудандық ауруханасының аудандық педиатр дәрігері – «Кәмелетке толмағандарға жыныстық тәрбие беру»; - **Жаканов Сакен Багдатович**, Ақмола облысының дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ теолог маманы – деструктивті діни ағымдардың дәстүрлі діндерден айырмашылығы, оларға тарту әдістері және интернет қауіпсіздігі; - **Бекишова Зайра Муратовна**, Жылымды ауылының негізгі орта мектебінің педагог-психологі – «Жасөспірімдер арасындағы буллинг, кибербуллинг және эмоционалдық қауіпсіздік»; - **Жолумбаева Ботагоз Кадыржановна**, Зеренді ауылының Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогі – «Қазіргі жасөспірімнің оқуындағы қиындықтар»; - **Молдабаева Гульшат Башариновна**, Зеренді ауылының балалар музыка мектебінің директоры және **Тулкубаева Жанна Ермековна**, Зеренді ауылының Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының директоры – «Жасөспірімдер ортасындағы жағымсыз құбылыстардың алдын алу факторы ретінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру». Іс-шара аясында Зеренді ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары әдеби монтаж ұсынды. Семинар Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы мен балалар музыка мектебі тәрбиеленушілерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды. Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету – отбасының, білім беру ұйымдарының және тиісті мекемелердің ортақ міндеті. Семинар осы бағыттағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және алдын алу жұмыстарының маңызын айқындауға арналды.

Просмотров: 233


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу