Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясында Қамқоршылар күніне арналған іс-шара өтті. Бұл күн — балаға қамқор болып, жүрек жылуын сыйлап жүрген жандарға алғыс білдірудің ерекше мүмкіндігі. Іс-шара барысында Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Д. Кенжеболатова қамқоршылар мен патронаттық тәрбиешілерді мерекемен құттықтап, балаларға көрсетіп жүрген қамқорлығы мен мейірімі үшін Алғыс хаттар табыстап, балаларға сыйлықтар тарту етті.