Бүгін «Зеренді ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында 3–4 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға аудан мектептерінен 160 жас математик қатысты. Оқушылар өздерінің білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлығы мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. I орын иеленген оқушылар облыстық олимпиада кезеңінде Зеренді ауданының намысын қорғайтын болады. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз! Математикаға деген қызығушылықтарыңыз арта берсін!