Құттықтаймыз!* Зеренді ауданының жас педагогтері Ақмола облысында өткен «Логика және мәтін: мұғалімдердің кәсіби синергиясы» атты зияткерлік байқауда ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қатысушылар логикалық ойлау қабілетін, кәсіби білімін, шығармашылық ізденісін және командалық бірлігін жоғары деңгейде көрсетті. Жас мамандарға толағай табыс, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!