"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директорының бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

06.09.2021

     «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ     «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі»  КММ  директорының бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

Мекеменің орналасқан мекенжайы:

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы,  Василия Чапаева  көшесі 43, тел: 8 (716-32) 21-4-63

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен уақытына байланысты 160 000-220 000 теңге аралығында.

Мекеменің негізгі қызметі:

           Мектеп жалпы орта білім аясында қызметтер көрсетеді.

Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың конкурсқа қатысуы үшін мыналар талап етіледі:

            Бастауыш, негізгі орта, орта, шағын жинақты мектептерді қоспағанда білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Білуі қажет:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнайы әлеуметтiк қызмет туралы ", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да бiлiм берудi дамытудың бағыттары мен келешегiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi; педагогика мен психология негiздерiн; мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетiстiктерiн; менеджмент негiздерiн, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбектi қорғаудың, техника қауiпсiздiгi және өртке қарсы қорғанудың ережелерi мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.       

Қызметтік міндеттері: 

Бiлiм беру ұйымының қызметiн оның жарғысына және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес басқарады. Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартын педагогикалық және әдiстемелiк кеңеспен бiрлесе отырып iске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекiтедi. Бекiтiлген учаскедегi балаларды жалпыға мiндеттi оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға мiндеттi оқытумен қамтамасыз етедi. Оқу-тәрбие процесiн ғылыми-әдiстемелiк және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетiлдiредi. Оқу-тәрбие процесiн әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастырады және жетiлдiредi. Қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етедi. Педагогикалық ұйымдар, әдiстемелiк бiрлестiктер, балалар ұйымдары қызметiне ықпал етедi. Бiлiм беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушiлер контингентiн қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушiлердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етедi. Жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушiлердiң заңды құқығы мен мүдделерiн (жеке, мүлiктiк, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.

Тәрбиеленушiлер мен бiлiм алушыларды асырап бағу үшiн белгiленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етедi. Оқу-тәрбие процесi кезiнде бiлiм алушылардың (тәрбиеленушiлердiң) және бiлiм беру ұйымы қызметкерлерiнiң өмiр қауiпсiздiгi мен денсаулығын сақтауға қажеттi жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргiзедi. Белгiленген заңнама шегiнде бiлiм беру ұйымының мүлкi мен құралдарына басшылық етедi, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуi және жұмсалуы туралы есебiн бередi.

 Нормативтiк талаптарға сәйкес есеп жүргiзiп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етедi, iшкi еңбек тәртiбi ережесiн, санитарлық-гигиеналық режимдi, еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгiн сақтау үшiн жауап бередi.

  Педагог кадрларды және қосымша қызметшiлердi iрiктеудi және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердiң штаттық кестесiн, лауазымдық нұсқаулығын бекiтедi, олардың кәсiби шеберлiгiн арттыру үшiн жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестi басқарады. Белгiленген тәртiп бойынша қызметкерлердi аттестаттауды жүргiзедi. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiн өзiнiң құзыретiне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретiнiң аясында жаза белгiлейдi.

Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттiк және басқа да ұйымдарда бiлiм беру ұйымын танытады, қажеттi есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етедi.

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

     1) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

      6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

       8)"Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

      10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

      11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

      14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан куәландырылады.

Қағидалардың құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат комиссияның қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Қажетті ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады:

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы,  Ленина көшесі 43,  т. 8 (716-32) 20-0-47, 22-6-02, эл. мекенжай: zerendaoo@aqmoedu.kz

 

Просмотров: 469


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст