"Инклюзивті білім беруді қолдаудың ресурстық кабинеттерінің желісін кеңейту" 2020 – 2025 жылдарға арналған ББДМБ көрсеткішін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес Зеренді ауданында "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім беру бөлімінің Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ – де инклюзивті білім беруді қолдаудың бірінші ресурстық кабинетінің ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нурова Динара Шаймерденовна, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ошаганов Рустем Койайдарович, Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі директорының міндетін атқарушы Касымова Гаухар Нургалиевна, логопед Бекболатова Күнсұлу Құспековна, мектеп психологі Ермагулова Гүлнар Базарбаевна және ата- аналар мен оқушылар қатысты.