Зеренді ауданында 2021 жылғы 12 қарашада 5-6 сынып оқушылары арасында келесі жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық Олимпиаданың бірінші (мектеп) кезеңі басталды:
1 математика;
2 жаратылыстану;
3 қазақ тілі мен әдебиеті;
4 орыс тілі мен әдебиеті;
5 орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі;
6 қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі;
7 ағылшын тілі;
8 Қазақстан тарихы.
Барлығы 578 оқушы қатысты.
Аудан мектептерінің барлығына Олимпиаданың ережелері мен нұсқаулары таратылды.
Мектептерде ұйымдастыру және бақылау үшін ұйымдастыру комитеттері құрылды. Олимпиада онлайн режимде өтті.
Республикалық Олимпиаданың аудандық кезеңі 2021 жылғы 26 қарашада өтеді.
Республикалық Олимпиаданың аудандық кезеңінің барлық қатысушыларына табыс тілейміз.