2021 жылы 23 қарашада Зеренді ауданында «Ақмола облысы бойынша 1920-1950 жылдардағы қуғын-сүргінге байланысты ғылыми-зерттеу жұмысы және архивтік құжаттарды саяси-құқықтық бағалау» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның ұйымдастырушылары: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі республикалық Жобалық кеңсе, Ақмола облысы әкімдігі және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Зеренді ауданының әкімдігі. Конференцияның ұйымдастырушылар және қонақтар Саяси қуғын-сүргін құрбандары тұтқын болған лагерлер және тұтқындар жерленген тарихи орындарға экскурсияға барды. Зеренді ауданы, Приречное ауылы маңындағы лагерь орнына және Үлгілі ауылы маңындағы лагерь орнына ескерткіш тақталарды орнатты. Конференцияның өзі аралас офлайн-онлайн режимінде өтті. Конференция жұмысына алыс және жақын шетелдердің ғылыми қоғамдастығының өкілдері, тарих пәнінің оқытушылары және ауданның жоғары сынып оқушылары қатысты.