Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2021 жылдың 13 желтоқсаны күні сағат 15.00-де Симферополь ауылындағы жалпы білім беретін орта мектепте жаңа спорт залының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ашылу салтанатына Зеренді ауданының әкімі – Жақсылықов Әсен Дулатұлы, спорт залының құрылысына демеуші болған «Көкше Билдинг Сервис» ЖШС бас директоры – Байқанов Асқар Өмірбекұлы, Ақмола облысы облыстық мәслихатының депутаты – Сұлтанов Қайрат Абайдоллаұлы, облыстық басқарма басшылары, қоғам қайраткерлері, студенттер мен ата-аналар қауымының өкілдері қатысты.
«Көкше Билдинг Сервис» ЖШС-нің демеушілігінің арқасында ауыл мектебінде ауданы 782 шаршы метрді құрайтын тамаша заманауи спорт залы салынды.
Мектеп «Қазақша күрес», «Дзюдо», «Самбо» түрлерінен облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары атанған шәкірттерімен танымал.