2019 жылы 18 сәуір күні Зеренді білім бөлімі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған » атты байқауын өткізді. Аталған байқауға 14 мектептен 29 оқушы қатысты.
Байқаудың мақсаты:Өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау, оқушыларды халық поэзиясына,қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу,елдік пен ерлік рухын, намысқой,қайсарлық қасиеттерге баулу, дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету,өнерлі жастарды халық арасында таныту, қазақ тілі жіне әдебиеті пәні мұғалімдерінің беделін көтеру болды.
Аталған байқаудың жүлдегерлер:
Еленовка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қоман Батырбек 1 орын және 150 мың теңгенің сертификатымен,
Первомай негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы Қайық Балқадиша 2 орын және 100 мың теңгенің сертификатымен,
№1 Зеренді орта мектебінің 6 сынып оқушысы Өміржан Бақытбек 3 орынды және 50 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.
Жеңімпаздардың ұстаздары да «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтуға сапалы дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Жеңімпаз облыстық кезеңде Зеренді ауданының намысын қорғап, ұстаздарының үмітін ақтауға Көкшетау қаласына аттанады. Зор талант танытар оқушыларымызға тек қана жеңіс, шығармашылық табыс тілейміз.