2019 жылы 18-20 сәуір күндері Көкшетау қаласында өткен облыстық Абай, Махамбет оқуларына Зеренді ауданынан 6 оқушы қатысты. Абай және Махамбет оқуларының облыстық кезеңінде Зеренді ауданынан қатысқан оқушылар «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымы бойынша Заречный негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы Ғалымжан Аружан 2 орын, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымы бойынша Бірлестік орта мектебінің 10 сынып оқушысы Боранбай Аягул 2 орын, Ортақ орта мектебінің 9 сынып оқушысы Еренғайып Ерназар «Тартынбай сөйлер асылмын» аталымы бойынша 3 орындармен марапатталды.
«Ұлылар әлемі» аталымы бойынша Аккөл орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жусупбекова Дариға, «Ел құтқарар ер едім...» аталымы бойынша Ортағаш негізгі мектебінің 7 сынып оқушысы Серікбай Расул, «Көңілім әнді ұғады» аталымы бойынша Березняковка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Тоғанасова Райхан Ақмола облысының Білім Басқармасының грамотасымен марапатталды.
Зеренді ауданының намысын қорғап, ұстаздарының үмітін ақтап,
зор талант танытқан оқушыларымызға шығармашылық табыс тілейміз.