Текст
2019 жылдың 26 сәуірі күні Шағалалы ОМ Ресурстық орталығында облыстық аймақтық семинар болып өтті. Семинарға Бурабай ауданы, Бұланды ауданы, Біржан сал ауданы және Зеренді ауданының әдістемелік кабинеттің меңгерушілері, ресурс орталығының магнитті мектептерінің мектеп басшылары қатысты. Семинар барысында 3 ашық сабақ жүргізіліп, сынып сағаты өтті, колледжге проф ориентациялық саяхат жасалды. Семинар соңында пікір алмасу әрбір қатысушыға өзекті тақыраптарды талқылауда өзін көрсетуге және ресурстық орталықтың жұмысына қатысты өз ойын білдіруге мүмкіндік берді.