Текст
15 мамыр - жалпыұлттық отбасы күніне орай Зеренді ауданының «Ақкөл орта мектебі» КММ «Отбасы тәрбиесі – өскелең ұрпақтың азаматтығының қалыптасу негізі» тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ата-аналар жиналысының мақсаты - Ата-аналарды отбасы тәрбиесіне қатысты сұрақтарды талқылау және балаларды тәрбиелеуде олардың жауапкершілігін арттыру.
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы әр мектеп жасындағы балалары бар, мектеп өміріне немқұрайлы қарамайтын қазақстандық отбасын қамтыды.