Текст
2019 жылы 18 мамыр күні Айдарлы негізгі мектебінде аудандық қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің семинары өтті. Семинарға 34 мұғалім қатысты.
Семинардың мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда заманауи білім беру технологиялары негізінде сапалы білімді қамтамасыз ету,мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін ашу.
Бағдарламадағы барлық тақырыптар бойынша баяндамалар оқылып, мұғалімдер арасында талқыға салынды.