Текст
"Арыс, біз біргеміз" ұранымен Зеренді ауданында демалып жатқан Арыс қаласының балаларына арнап аудан әкімінің атынан мереке ұйымдастырылды. Мереке барысында балаларға арналған концерттік бағдарлама, қызықты старттар мен ойындар ұсынылды. Балаларға естелік сыйлықтар тарту етілді. Мерекелік іс шара тәтті шәймен жалғасты.