"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Оқуға құштар мектебі —оқуға құштар ұлт

11.05.2022

2020 жылы Қазақстанда «Оқуға құштар  мектебі —оқуға құштар ұлт»  жобасы іске қосылды. Бұл жобаның мақсаты — Қазақстанда балалардың шығармашылық дамуы үшін белсенді орта құру және кітап оқуға қызығушылығын арттыру. 
«Оқуға құштар мектебі»  жобасы жоғары оқу мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.  Оқу сауаттылығын дамыту — оқу үрдісінің басым бағыттарының бірі. Кітап оқуға деген қызығушылық,  кітап арқылы қоршаған дүниені тану балалардың бойында мектеп кезінен қалыптасып,  кітапхана осы қызығушылықтың өзегі,   қызықты кітап әлеміне жол көрсетуші болуы керек. Бүгін Зеренді ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқуға  құштар мектеп — оқуға құштар ұлт»  жобасын жүзуге асыру мақсатында Приречное ауылындағы жалпы білім беретін мектеп базасында кітапханашыларының бірінші форумы - дөңгелек үстел форматында құрылған диалог алаңы өтті.  Осы жобаны жүзуге асырудың үздік  формалары мен әдістерін,  жаңа әзірлемелерін талқылауға және анықтауға ықпал етті. М. О. Карелина форумға қатысушыларға мектеп газетін жасау бойынша шеберлік сыныбын ұсынды.  Форум нәтижесінде алға қойылған міндеттерді  шешуге,  жобадан күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін ұсыныстар әзірленді.  Қатысушыларға,  баяндамашыларға,  сонымен қатар мектеп ұжымына, Приречное мектеп директоры М. С. Жетпісоваға,  кітапханашылар мен РМО жетекшісі С. В. Кирилловскаяға форумды ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!

Просмотров: 967


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст