Текст
Бүгін ауданның жалпы білім беретін мекемелерінде пән мұғалімдерінің, директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, білім беру ұйымдары директорларының дәстүрлі секциялық отырыстары өтті. Мектепке дейінгі білім берудің сапасы, латын графикасын енгізумен 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу, жаңартылған мазмұнның оқу бағдарламаларын енгізу,Үштілділік жағдайында инновациялық технологияларды қолдану мәселелері қаралды. Сондай-ақ, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру, Кәсіптік оқыту және түлектерді жұмысқа орналастыру тақырыбына назар аударылды.
Ең үздік мұғалімдер марапатталды.