13.09.2019
2019 жылы 12 қыркүйек күні жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 11-сынып оқушыларына арналған Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі Ақкөл орта мектебінде өтті. Сайысқа 9 орта мектептің 16 оқушысы қатысты. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
- орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
- жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
- тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.
Облыстық кезеңге 4 оқушы өтті:
- Яндуткина Карина Геннадьевна - Айдабол ОМ;
- Нурмуханова Жибек Бегайдаровна - Қызылсая ОМ;
- Жумашева Айганым Аскаровна - Қызылсая ОМ;
- Жоламан Аяжан Біранқызы - Сейфуллин ОМ.
Жеңімпаздарға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!