Көкшетау қаласында облыстық пәнаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Бұл шараға облысымыздың 17 ауданынан
және Көкшетау, Степногорск қалаларынан 378 аудандық олимпиада жеңімпаздары қатысты. Олимпиада 15 жалпы білім беретін пәндер бойынша өтті, соның ішінде 6 жаратылыстану-математикалық бағыт және 9 гуманитарлық бағыт бойынша болды.
Зеренді ауданының атынан Ақмола облысының «Білім басқармасы» ММ кестесіне сәйкес, 12 қатысушы жолданды.
Олимпиаданың 2 кезеңі (теориялық және практикалық) білім деңгейін ғана емес, сонымен қатар игерген білімді тәжірибеде қолдану шеберлігін анықтады. Нәтижесінде Зеренді ауданының 2 оқушысы жүлделі орындарды иеленді:
2 орын – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Зейнелкабиден Ұлан, Шағалалы орта мектебінің 11 сынып оқушысы, мұғалімі Идеатова Алмагуль Карбаевна;
3 орын – тарих пәнінен Әшімбек Бекарыс, №1 Зеренді орта мектебінің 10 сынып оқушысы, мұғалімі Касымов Дархан Асқарұлы.
Зеренді ауданының «Білім бөлімі» ММ жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, оқуда шығармашылық табыс тілейді.