Текст
Құрметті әріптестер, сіздерді келе жатқан Жаңа 2018 жылымен ыстық ықыласпен құттықтаймын! Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Келер Жылда отбасыларыңызға құт - береке, қызметтеріңізге жетістік, зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл – күй, алдағы Жыл сіздерді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын. Сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.