2017 жылдың 26 желтоқсанында "Азия Агрохим" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілік көрсетуімен, Зеренді ауданы мектептерінде білім алатын әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар Астана қаласындағы «Рэдиссон» қонақ үйінде өткізілген Жаңа жылдық мерекелік іс-шараға қатысып келді. Аталған мерекелік іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді. Куропаткино, Молодежный, Ақкөл, Қошқарбай, Қазақстан, Баратай мектептерінен оқушылар қатарынан жалпы саны 32 бала қатысты. Іс-шара барысында балаларға арнап әртүрлі қойылымдар көрсетілді. Балалардың қатысуымен қызықты ойындар, ән-жыр айтылып, би биленді. Мереке балалардың көңілінен шықты, олар сыйлықтар алды, демеушілерге ризашылықтарын білдірді.