Текст
Зеренді ауданы әкімінің аудан балаларына арналған жаңа жылдық шыршасы «Жігер» балалар – жасөспірімдер клубында өтті. Дәстүрлі мерекеге аудан мектептерінен 177 бала қатысты: жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, сондай-ақ халықаралық, республикалық, облыстық әртүрлі жарыстар мен байқаулардың, конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары.
Әсерлі театрландырылған қойылым дайындалып, кішкентай қонақтарды ертегі әлемінің батырлары қарсы алды. Аудан әкімі М. Мұстафин барлық балаларды мерекелерімен құтттықтап, ізгі – ыстық лебізін білдірді. Аудан әкімінің атынан балаларға тәтті жаңа жылдық сыйлық табысталып, ертегілік қойылымнан кейін ақ дастархан жайылды.