"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Аудандық тарих пәнінің мұғалімдерінің семинары

15.12.2017

2017 жылдың 14 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсанында «Ақкөл орта мектебi» КММ  Зеренді аудандық бiлiм ұйымдарының тарих пәнi мұғалiмдерiне арналған семинар өттi.

Семинар «Жаңаша көзқарасы қалыптасқан, жаңа технологияны меңгерген өзіндік бағыты, ой-пікірі бар, мақсат қоя білетін және оған жету жолдарын таба алатын мұғалім дайындау» тақырыбына арналды.

Семинарға Зеренді аудандық бiлiм бөлiмiнiң әдіскері А.Қ. Байтлеуова мен қатар барлығы 35 мұғалiм қатысты.

Алғаш болып сөз алған мектеп директоры Ж.А. Орынбаев семинар қатысушыларын құттықтап, семинардың жұмысына сәттiлiк тiледi.

Семинардың салтанатты ашылуы «Алаш-Орда. Желтоқсан.Тәуелсіздік» деген ұранмен басталды.

Аудандық тарих пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі А.Д. Такетов семинар қатысушыларын

семинардың жоспарымен таныстырды.

Рухани жаңғыру бағдарламасының «Туған жер» арнайы бағдарламасы Қазақстан аумағындағы киелі жерлерді жаңғыртуға бағытталған. Ақкөл ауылының аумағында орналасқан Уәли хан мазарын насихаттауда мектеп оқушыларымен осы бағытта жұмыс жасалып жатқаны туралы «Ақкөл орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі А.Ж. Башарова баяндады.   Осы мақсатта семинар қатысушыларын сыныптан тыс іс – шараны өткізуге Уәли хан мазарына шақырды.

Іс – шара барысында  Уәли ханның өмір баяны, зиратының табылу тарихы мен мазардың тұрғызылуы туралы мәлімделді.

 Семинар соңында Зеренді аудандық бiлiм бөлiмiнiң әдіскері Ақбота Қайсарбекқызы Байтлеуова қазіргі білім беру

жүйесіндегі соңғы жаңалықтарға тоқтала отырып, ұстаздарға шығармашылық табыстар тілеп, семинарды қорытындылады.

Просмотров: 967


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст