Текст
2017 жылдың 12-13 желтоқсаны күндері Щучинск қаласындағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ш. Уәлиханов атындағы кадет Корпусының базасында «Отанды қорғауға дайындаймыз» атты облыстық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді. Аталған конкурсқа Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің және колледждерінің алғашқы әскери дайындық пәнінің 32 оқытушы-ұйымдастырушылары қатысты. Зеренді ауданының абыройын беделді қорғап, 2 орынды иеленген Айдабол орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Қайрат Иссаевич Байкануровты жеңісімен шын жүрекпен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерден көріне беруіне тілектестік білдіріп, шығармашылық табыстар мен қажымас қайрат тілейміз!