Текст
2017 жылғы 2-3 желтоқсан күндері Астана қаласында «Таланты Казахстана» балалар және жасөспірімдер
арасындағы халықаралық байқау өтті. Ұйымдастырушы «Созвездие Талантов» атты халықаралық шығармашылық қозғалысының жобасы.
Ақмола облысы Зеренді ауданының намысын Шағалалы орта мектебінің «Балдаурен» вокалдық группа қорғады. «Вокалдық шығармашылығы» номинациясы бойынша ГРАН-ПРИ жүлдесіне ие болды. (Әбілқасым Дана, Гордиевская Сабина, Хайрат Ақерке, Әбілқасым Аида, Мустафа Гульнур, Ахылбек Дана). Шығармашылық табыс тілейміз !!!