Елде болып жатқан заманауи өзгерістер, қоғамның жылдам ақпараттануы және динамикалығы білім талаптарын түбегейлі өзгертеді. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «...жаңару процесінің табыстылығының бірі - ұлттық білім жүйесінің жаңару табыстылығы болып табылады» деп атап өткен. Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту барлық негізгі бағыттар бойынша іске асырылады.
Білім мазмұнын жаңарту – орта білімнің моделін, оның құрамын, құрылысын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарау, оқушылар жетістіктерін жаңа бағалау жүйесі негізінде енгізу.
Зеренді ауданы мектептерінде 1054 мұғалім жұмыс жасайды, оның ішінде жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курстан өткен 462 мұғалім, яғни 44 % құрайды.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің ықыласы бойынша жаңартылған білім құрамының талаптарына сәйкес 5,7 сынып мұғалімдерін дайындау мақсатында а.ж. 21-22 қазанында Зеренді ауданының №1,№2 ОМ және Аккөл ОМ базасында облыстық семинар өтті. Семинарға 5-7 сыныптардың 140 пән-мұғалімі, директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық әдістеме кабинетінің әдіскерлері қатысты. Семинар бағдарламасы практикалық бөлімнен (ашық сабақтар) және дөңгелек үстелде теориялық бөлімді талдаудан құралды. Облыстық оқыту семинарының іс шарасы пән-мұғалімдеріне маңызды сұрақтарға жауап алуға көмектесті.
Дөңгелек үстел жұмысында мұғалімдер облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері М.Е. Исмаилова, Б.О. Бигожина, Ж.К. Тұрсынбекова және педагогикалық шеберлік орталығының әдіскерлеріне тікелей сұрақ қойып, сауатты жауап алды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша жалпы білім беретін мектептерде орта білімнің мазмұнын жаңарту процесін тиімді түрде жүзеге асыруға бағытталған мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар айтылды.
Іс-шара форматы әр қатысушының кәсіби өсуіне ықпал етті. Мұғалімдердің пікірлері бірқатар семинарлардың қажеттілігін көрсетті. Мұғалімдердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқу жылында бірнеше оқу семинарларын өткізу жоспарланып отыр.
Әдіскер-координатор Аубакирова Клара Аманбекқызы.