"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Көңілде жүрген көп сауал ...

17.11.2017

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасын нәтижелі түрде жүзеге асыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі жеткіншектердің тек білім алуын ғана көздемей, алған білімін өмірдің кез келген жағдайында пайдаланып, тығырықтан шығар жол табуына бағыттау педагог қауымның басты ұстанымына айналып отыр.

Білім беру саласындағы ты өзгерістер, әрине, санада сан сұрақтың тууына себепкер болып отырғаны баршаға аян.

Осы мақсатта Зеренді ауданының білім бөлімінің әдіскері Клара Аманбекқызының ұйымдастыруымен 11 қараша күні Айдабол орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің аудандық семинары болып өтті. «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мен әдебиетін  оқыту» тақырыбындағы семинар мақсаты: «Оқу үрдісіне критериалды бағалау жүйесін енгізе отырып, оқушылардың шығармашылық деңгейі мен танымдық қасиеттерін дамыту, оқыту сапасын арттыру».

АББ әдіскері Клара Аманбекқызы семинарды ашып, жұмыс жоспарымен таныстырған соң, «Шеберлік дәрістері» басталып кетті.

«Топтық, жұптық жұмыс барысындағы қалыптастырушы бағалау әдістері» тақырыбында Ортақ ОМ-нің мұғалімі

Тышхан Бибігүл критериалды бағалау бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады» әңгімесі негізінде ұстаздармен топтық жұмысы жоғары деңгейде өтті.

 Абай ОМ-нен Шарипхан Бақытнұр критериалды бағалау бойынша шеберлік дәріс берсе, № 1 Зеренді ОМ-нен Абдильманова Құралай жазба жұмыстар өткізу және бағалау жолдарына тоқталып, әдіс-тәсілдермен таныстырды.

АББ әдіскері әртүрлі сұрақтарға тұшымды жауап қайырып, кері байланыс, пікір алмасу, әдістемелік көмек көрсетіліп, ұсыныстар хаттамаға тіркелді.

Сөз соңында елуге жуық мұғалімдерді қазақи қонақжайлықпен қарсы алған Айдабол ОМ-і басшысы мен ұстаздар ұжымына алғысымызды білдіреміз.

 

 

Просмотров: 515


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст