"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Оқу ісінің меңгерушілері арасындағы өткізілген семинар

13.11.2017

11 қарашасы күні Викторовка орта мектебінде ОІ меңгерушілеріне арналған  «Білім беру мекемелерінде әдістемелік жұмыс жүйесін басқару және педагогтардың кәсіптік деңгейін көтеру»  тақырыбы бойынша семинар-практикум өткізілді.  Өткізу формасы – дөңгелек үстел.

Әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Ақмола аймақтың білім берудегі жаңа технологиялар орталығының мектеп бөлімінің меңгерушесі Сейпиева  С.М., аудандық білім бөлімнің әдіскері Наргужина Д.С. және аудандық ӘБ жетекшісі Коваленко Т.Н. сөз сөйледі. Семинар өту барысында электронды журнал  «Күнделік KZ »  жүргізу және толтыру туралы сұрақтар талқыланды (сабақтың тақырыбы мен үй жұмысын толтырылуы, бағалардың қойылуы, өткізілген сабақтың белгіленуі, мерекелік және актіленген күндердің еңгізуі). Электронды  журнал  «Күнделік KZ »  жүргізу және толтыру туралы қатысушылардың барлығы өз тәжірибелермен бөлісті. Ата-аналардың да электронды журнал негізінде оқушының ағымдағы үлгерімі, сабақ кестесі, үй жұмысы туралы, электронды білім беру ресурстарға қол жеткізе алады. Салтанат Маратовна  «BilimLand» 

білім беру платформасымен таныстырып және де мұғалімдер өз сабақтарында алған әдістемелік материалды тегін қолдана алатыны туралы айтып өтті. Осы сайт материалдары үш тілде жасалған. Осы семинар негізінде ОІ меңгерушілері электронды журналды  «Күнделік KZ »   толтыру, жүргізу жолдарын және педагогикалық үрдісте  «BilimLand»   материалдарын тиімді қолдану туралы ауқымды мөлшерде ақпарат алды.

Просмотров: 911


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст