Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесі – Ата Заң күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Дүние жүзінде барлық мемлекеттерде Тәуелсіздік күнінен кейінгі болып саналатын ең қымбат мерекелік күн ол - Ата Заң күні. Өйткені Ата Заң әр мемлекеттің егемендігінің кепілі болып саналады. Ата Заңды қатаң қолдану – мемлекетіміздің нәтижелі дамуының негізі.
Бұл Қазақстан азаматтары үшін Республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін ерекше оқиға болды. Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихында Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастау алған бүгінгі Ата Заңымыз - Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат.
Құрметті әріптестер, Ата Заң күні құтты болсын! Сіздерге және сіздердің шаңырақтарыңызға зор денсаулық, құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!