Текст
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Зеренді ауданының «Білім беру бөлімі» ММ-сі М. Ғабдуллин атындағы лагерьге 100 жолдама сатып алды. Ақысыз жолдамалар аз қамтылған отбасылардағы балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға аталған әлеуметтік санаттары бойынша беріледі.