Текст
2017 жылдың мамырдың 16-17-ші жұлдызында Көкшетау қаласында «Көкшетау» Мәдениет үйінде Педагогикалық инновациялардың VII Халықаралық Жәрмеңкесі болып өтті. Бұл Жәрмеңкеге Зеренді ауданынан 11 мектептен 35 жоба қатысып, жұмыстарына баға берілді.
Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша қола сертификатпен Игілік орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Егубаева Гульзат Көжекенқызы мен Приречный орта мектебінің химия, география пәнінің мұғалімі Есенгельдина Ольга Миколаевна иеленсе, басқа мұғалімдер сертификат пен номинация бойынша грамоталармен марапатталды.
Педагогикалық инновациялардың VII Халықаралық Жәрмеңкесіне қатысқан мұғалімдерді шын жүректен құттықтап, жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз.