"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Зеренді ауданының орта білім мемлекеттік мекемелерінің басшылық қызметі бос жұмыс орынға конкурс жариялау туралы.

12.05.2017

Зеренді ауданының орта білім мемлекеттік мекемелерінің

басшылық қызметі бос жұмыс орынға конкурс жариялау туралы.

 

Зеренді ауданының «Білім беру бөлімі» ММ  Зеренді ауданы әкімдігінің  « № 1 Зеренді орта мектебі» КММ  директоры  қызметі бос жұмыс орына конкурс жариялайды.

Қызметтік еңбек ақысының көлемі еңбек өтіліне байланысты 90000 нан 110 000  теңге дейін.

Ұйымның орналасу орны:  № 1 Зеренді орта мектебі - Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы.      Мектептер жалпы орта білім аясында қызметер көрсетеді.

Лауазымдық мiндеттерi: Бiлiм беру ұйымының қызметiн оның жарғысына және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес басқарады. Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартын педагогикалық және әдiстемелiк кеңеспен бiрлесе отырып iске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекiтедi. Бекiтiлген учаскедегi балаларды жалпыға мiндеттi оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға мiндеттi оқытумен қамтамасыз етедi. Оқу-тәрбие процесiн ғылыми-әдiстемелiк және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетiлдiредi. Оқу-тәрбие процесiн әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастырады және жетiлдiредi. Қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етедi. Педагогикалық ұйымдар, әдiстемелiк бiрлестiктер, балалар ұйымдары қызметiне ықпал етедi. Бiлiм беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушiлер контингентiн қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушiлердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етедi. Жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушiлердiң заңды құқығы мен мүдделерiн (жеке, мүлiктiк, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.

Тәрбиеленушiлер мен бiлiм алушыларды асырап бағу үшiн белгiленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етедi. Оқу-тәрбие процесi кезiнде бiлiм алушылардың (тәрбиеленушiлердiң) және бiлiм беру ұйымы қызметкерлерiнiң өмiр қауiпсiздiгi мен денсаулығын сақтауға қажеттi жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету

жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргiзедi. Белгiленген заңнама шегiнде бiлiм беру ұйымының мүлкi мен құралдарына басшылық етедi, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуi және жұмсалуы туралы есебiн бередi.

Нормативтiк талаптарға сәйкес есеп жүргiзiп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етедi, iшкi еңбек тәртiбi ережесiн, санитарлық-гигиеналық режимдi, еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгiн сақтау үшiн жауап бередi.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшiлердi iрiктеудi және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердiң штаттық кестесiн, лауазымдық нұсқаулығын бекiтедi, олардың кәсiби шеберлiгiн арттыру үшiн жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестi басқарады. Белгiленген тәртiп бойынша қызметкерлердi аттестаттауды жүргiзедi. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiн өзiнiң құзыретiне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретiнiң аясында жаза белгiлейдi.

Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттiк және басқа да ұйымдарда бiлiм беру ұйымын танытады, қажеттi есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етедi.

 Бiлуге мiндеттi: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Бiлiм туралы ", " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тiл туралы ", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Арнайы әлеуметтiк қызмет туралы ", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы " Заңдарын және басқа да бiлiм берудi дамытудың бағыттары мен келешегiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi; педагогика мен психология негiздерiн; мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетiстiктерiн; менеджмент негiздерiн, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбектi қорғаудың, техника қауiпсiздiгi және өртке қарсы қорғанудың ережелерi мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.     

  

 

Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:

      

1) жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімінің болуы (педагогикалық немесе бейіні бойынша);

     

2) жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басқарушылық қызметте кемінде 1 жыл болуы тиіс.

     

3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы;

     

 

     

4) облыстық білім басқармасының кандидатура бойынша келісімінің болуы;

     

5) сотталмаған болуы тиіс.

Байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

      1) конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініш;

      2) нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;

      3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі;

      4) нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;

      5) бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

      6) бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) нотариалды куәландырылған бар біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;

      8) медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;

      9) сотты болмағандығы туралы анықтама ұсынуы қажет.Ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариуспен немесе жұмыс орынның кадрлық қызметімен бекітіледі.

Аталған құжаттардың біреуінің жетіспеуі қатысушыға құжаттарын қайтаруға негіз болады.

Байқауға қатысуға үміткер комиссияға өзінің кәсіби жетістігін, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, жеке педагогикалық тәжрибесін жинақтау, жетістіктері жайлы растайтын құжаттардың кез келгенін ұсына алады.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:                                                                                                                                        

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;                                                                                                      

 2) әңгімелесу.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күн бойы келесі мекен-жай бойынша қабылданады:                                                                                                                                                          

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Ленина көшесі 43.                                                        

Анықтамалар үшін тел: 8-716 -32-22-6-02                                                                                             

Электронды поштаның

мекен - жайы: roo_zer@mail.ru

Просмотров: 496


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст