"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Мемлекеттік тілді үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің мектепке дейінгі, мектеп алды және 1-11 сынып оқушылары арасында аудандық шығармашылық конкурсы

19.04.2017

Қазіргі заманғы білім беру мазмұны өзге  ұлт өкілдері оқушыларына  тілдік коммуникативтік құзыреттіліктің барлық компоненттерін қалыптастыру процесінде  өзге ұлт өкілдері оқушылары мен жастарының  қарым-қатынас мәдениетін дамытуға бағытталған,  оның болуы қазақ тілін қарым-қатынас құралы,  білім беру және өздігінен білім алу, ынтымақтастық  және өзара іс-қимыл құралы ретінде   қолдану қажеттілігін ескереді. Сондай-ақ, «Мәңгілік ел» идеясын іске асыру шеңберінде мектепке дійінгі мекемелердің тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларының рухани және жалпыұлттық құндылықтарына негізделген зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін қолдау және насихаттау мақсатында ауданымызда тұңғыш рет мемлекеттік тілді үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің мектепке дейінгі, мектеп алды және 1-11 сынып оқушылары арасында аудандық шығармашылық конкурсы өткізілді.  Аталған конкурсқа «Әдеби көркем оқу», «Музыкалық қонақжай», «Театрландырылған қойылым» және «Ұлттық қолданбалы өнер» номинациялары бойынша 38 тәрбиеленушілер мен оқушылар қатысып өз білімдерін паш етті. Қатысушылардың барлығы дерлік өз жас ерекшеліктері бойынша жүлдегер атанды. Конкурс жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, орындары көрсетілген медальдармен және І дәрежелі диплом үшін 30 000 теңгенің сертипикаты, ІІ дәрежелі диплом үшін 20 000 теңгенің сертификаты және ІІІ дәрежелі диплом үшін 15 000 теңгенің сертификатарымен, оқушаларды дайындағандары үшін жетекшілері білім беру бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Бірінші орынды иеленген тәрбиеленушілер мен оқушылар конкурстың облыстық кезеңе жолдама алды. Жолдама алғандардың ішінде ең жасы кішісі «Арайлы» балабақшасының тәрбиеленушісі Куликов Александр болды. Ол өзінің шынашақтай жасына қарамай үш тілді меңгеріп жатқандығын көрсетіп, тәтті тілімен қазақ тіліндегі шығармашылығымен әділ-қазылар алқасын тәнті етті. Келесі жеңімпаздарымыз: «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушісі Гордиевская Анна, Бартай негізгі мектебінің 1 сынып оқушысы Клипцов Иван мен 4 сынып оқушысы Клипцов Евгений, Исаковка орта мектебінің 4 сынып оқушысы Белагурова Надежда, Қызылсая орта мектебінің 7 сынып оқушысы Крючек Яна, Ақадыр орта мектебінің 8 сынып оқушысы Тарасова Милана,  Садовый орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мороз Алина, Молодежный орта мектебінің 11 сынып оқушысы Попович Инна. Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтап, облыстық конкурста жеңіспен оралуларына сәттілік тілейміз.

 

 

Просмотров: 561


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

      

Ұйымдар тізімі
Текст